Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) - тауарлар мен қызметтерді өндіру және сатудан түскен пайда үшін өз қызметін жүзеге асыратын, тұрақты бизнес құрылым болып табылады. ӘКК-ның коммерциялық корпорациялардан негізгі айырмашылығы, түскен пайда ӘКК құрылған аймақтағы халықтың әлеуметтік, экономикалық және мәдени мақсаттарын іске асыру үшін қайта инвестицияланатын болып табылады.

«Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі - «Алматы» ӘКК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 наурыз 2010 ж. қаулысына сәйкес құрылған, сол жылдың 27 тамызында Алматы қаласы Әділет департаментімен тіркелген,  «Алматы» ӘКК-ның 100% акционері КМУ  «Алматы қаласының қаржы басқармасы» болып табылады.

ӘКК «Алматы» миссиясы - мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету.

 «Алматы» ӘКК міндеттері:

  • Корпорациясының институционалдық дамуы;
  • Активтерді тиімді басқару;
  • Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал ету;
  • Қаладағы бизнесті дамыту;
  • Мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту;
  • Қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру;
  • Әлеуметтік, инфрақұрылымдық және экологиялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
  • Арнайы индустриялық аймақтардың, технопарктердің, бизнес-инкубаторлардың институционалдық дамуы.

Аталған міндеттерді іске асыру үшін «Алматы» ӘКК-на (мемлекеттік үлесі бар АҚ, ЖШС, жылжымайтын мүлік, жер және ақша) мемлекеттік активтерді аударды. Осы активтер негізінде «Алматы «ӘКК»  жеке бизнеспен бірлесе отырып жобаларды жүзеге асырады.

Аталған міндеттердің аясында «Алматы» ӘКК, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, даму институттары, министрліктер мен мемлекеттік ведомстволар, жеке капитал, қаржы институттары, халықаралық ұйымдар және басқалармен өзара іс-қимыл жасайды.

«Алматы» ӘКК функциялары:

  • Ұйымдастыру функциясы - берілген активтерді басқару, жобалар мен инвесторлар үшін консультативтік қолдау көрсету;
  • Инвестициялық функциясы - өз есебінен инвестициялық қызмет, инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстар;
  • Жеке мемлекеттік бағдарламаларды орындаушы - «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы - 2020» және басқа да бағдарламалар аясында өңірлік жобаларды жүзеге асыруға көмек көрсету.

Байланыс
Мекенжай: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 74А, павильон 4
Телефондар: +7 727 266 84 82, +7 727 266 84 82
e-mail: aospk.almaty@mail.ru

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге