Медиа орталық

Алматыда Orascom Investment Holding мысырлық компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

Алматыда Orascom Investment Holding мысырлық компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары Арман Ақсубаев Orascom Investment Holding даму директорлары Амгад Сабри және Халед Морганмен кездесті.

Сондай-ақ, кездесуге «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Алматы өкілдігінің басшысы Арыстанбек Ақылбай, «Alatau City Development Group» бас директоры Виктор Ли, «Almaty Invest» басқарма төрағасы Қайрат Бекенов және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Алматы аймағы бойынша аймақтық директоры Жәнібек Баймағамбетов қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан Республикасында туристік инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында А. Ақсубаев Қазақстанның заманауи туристік инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән беретінін және ірі жобаларды жүзеге асыруда озық тәжірибесі бар халықаралық компаниялармен серіктестікке ашық екенін атап өтті.

Өз кезегінде Амгад Сабри компанияның Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін білдірді. Ол Orascom Investment Holding елді тұрақты экономикалық өсімі мен қолайлы инвестициялық ахуалы бар сенімді серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге