Медиа орталық

KAZAKH INVEST пен оңтүстік кореялық Star Boiler инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды

KAZAKH INVEST пен оңтүстік кореялық Star Boiler инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды

Жоба Алматыда су жылытқыштар мен өнеркәсіптік жабдықтар шығаратын зауыт құрылысын көздейді. Нысанға инвестициялардың жалпы сомасы шамамен $ 20 млн құрайды.

Инвесторлар атап өткендей, зауыт жыл сайын 6 мыңға жуық су жылытқыштар, жылу алмастырғыштар, пештер, металл контейнерлер, цистерналар және басқа да ілеспе өнеркәсіптік жабдықтар шығаратын болады. 300 жаңа тұрақты жұмыс орнын құру қарастырылған.

"Инвестор Алматы қаласындағы "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ аймақтық өкілдігінің тікелей қатысуымен тартылды. Өз кезегінде, KAZAKH INVEST жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен инвесторларды жобалаудан бастап кәсіпорынды пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңдерде мемлекеттік қолдау шаралары аясында одан әрі көмек көрсететін болады", – деп атап өтті "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ басқарушы директоры Айбек Тұрсынғалиев.

"Star Boiler" компаниясы 1988 жылы Кореяда құрылды. Бүгінгі күні компанияның зауыттары Қытайда (Yangzhou Sida Boiler Co., Ltd. және Zhoukousda Boiler Co., Ltd), сондай-ақ Въетнамда (Vietnam Sida Boiler Co., Ltd)   бар. Компания бу қазандары-утилизаторлар, конденсациялық су жылыту қазандары мен вакуумдық қазандар, электрлік қысымсыз қазандар, жиілікті түрлендіруді басқару технологиясы сияқты жаңа технологиялар мен өнімдерді дербес әзірлеп шығарады. Star Boiler компаниясының өнімдері Корея, Қытай және Вьетнам нарықтарынан басқа, Солтүстік Америка, Таяу Шығыс және Шығыс Азия нарықтарында да бар.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге