Медиа орталық

Түрік инвесторлары Алматыда томотерапия орталығын ашты

Түрік инвесторлары Алматыда томотерапия орталығын ашты

Түркия инвесторлары Алматыда «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ жанынан томотерапия орталығын ашты. Орталықтың салтанатты ашылуы Қазақстанның оңтүстік өңірлері бойынша инвестициялық тур аясында өтті. Сонымен қатар, қалада болат конструкцияларды, сондай-ақ сэндвич-панельдерді өндіру саласындағы түрік бизнесінің қатысуымен тағы екі жобаның капсулалары салынды.

Салтанатты рәсімдерге ҚР Сыртқы істер Министрінің орынбасары Алмас Айдаров, ҚР Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Мейіржан Юсупов, сондай-ақ қала әкімдігі мен түрік компанияларының басшылығы қатысты.

Инвесторлардың айтуынша, жаңа медициналық орталықта онкологиялық аурулармен күресуде сәулелік терапияның ең тиімді түрлерінің бірі — томотерапия қолданылатын болады. Жобаға салынған инвестициялар көлемі $6,5 млн.құрады. «Orhun Medical» компаниясы инвесторларының айтуынша, орталықтың жоспарланған жылдық қуаты ТМККК шеңберінде 600 пациент үшін сәулелік терапияның 12 мың сеансын (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) және медициналық туризм шеңберінде 130 пациент үшін томотерапияның 2 608 сеансын құрамақ.


«Коронавирус пандемиясының теріс салдарына қарамастан, бүгінде Қазақстан мен Түркияның сауда-экономикалық, әсіресе инвестициялық ынтымақтастығының дамуы барынша қарқынды түрде жалғасуда. Осы ретте, түркиялық инвесторлардың Қазақстанның фармацевтика мен денсаулық сақтау салаларындағы инвестицияларының артуы ерекше қуантады. Орхун Медикал компаниясының томотерапия орталығы еліміздің денсаулық сақтау саласының одан әрі дамуы мен халыққа көрсетілетін сапалы медициналық қызметтердің артуына өзінің елеулі үлесін қосарына сенімдімін», - деп атап өтті ҚР Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы.

Оңтүстік өңірлердегі инвестициялық турдың жалғасында «Panelsan» компаниясының түрік инвесторлары Алматы қаласының индустриялық аймағының аумағында минералды тақталардан сэндвич-панельдер өндіретін жаңа зауыттың капсуласын салды. Жобаның жалпы құны шамамен $10 млн.құрайды, жобаны іске асыру шамамен 65 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Айта кету керек, компания өз өнімдерін Балқанға, Орта Шығыс елдеріне, сондай-ақ Африка мен Еуропаның жиырма еліне сәтті экспорттайды.


 «Түркия Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі және ынтымақтастықты кеңейту жергілікті компаниялар үшін үлкен мүмкіндік. Соңғы 5 жылда Түркия ел экономикасына $1,7 млрд.астам АҚШ инвестиция салды. Қазақстан аумағында түрік капиталының қатысуымен 3500-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Жыл сайын сыртқы істер министрлігі өңірлермен бірлесіп экономиканың түрлі салаларында 10-нан астам жаңа жобаны сүйемелдейді. Біз әрбір түрік компаниясымен ынтымақтастығымызды бағалаймыз және елдеріміздің игілігі үшін екіжақты серіктестік әлеуетін дамытуға дайынбыз», - деді Алмас Айдаров.


Металл жол қоршауларын өндіру бойынша екінші жобаның тасын қалау Алматы қаласының индустриялық аймағының аумағында да орын алды. «Çelkonsan» компаниясы жүзеге асырған жобаның жалпы көлемі шамамен $3 млн құрады, зауытта жылына 7 мың тоннадан астам дайын өнім шығару жоспарлануда.

Айта кету керек, аталған жобалар ҚР СІМ, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жүзеге асырылуда.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге