Баспасөз релиздері

Үкіметтің жүйелі қолдау шараларының арқасында Қазақстанда қой шаруашылығы саласының өсу көрсеткіштері 12% жетті

Үкіметтің жүйелі қолдау шараларының арқасында Қазақстанда қой шаруашылығы саласының өсу көрсеткіштері 12% жетті

Үкімет мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, Қазақстанның қой өсірушілерінің ұлттық қауымдастығының төрағасы А. Садырбаевтың ұсақ малды тірі күйінде шетелге шығаруға толық тыйым салу туралы ұсынысын қарады. Маман тірі мал экспорты ел ішіндегі қой еті бағасының өсуінің басты себебі дейді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ұсақ малдың аналық тұқымын экспорттауға тыйым салынғанын атап өткен жөн. Республикада жылына 172,4 мың тонна қой еті өндіріледі. Ішкі нарықтың сұранысы 100,7% қамтылған. Осы жылдың 4 айында 538 тонна қой еті негізінен БАӘ, Өзбекстан, Бахрейн және Ресей Федерациясына экспортталды.

Жиналыста басқа ауыл шаруашылығы қауымдастықтарының пікірі де тыңдалды, олар осы қиын жағдайда тірі қойларды шетелге шығаруға тыйым салу олардың қаржылық жағдайына кері әсер етеді деп санайды. Сатып алу бағасының төмен болуына байланысты фермерлердің мал бағуға кеткен шығындары өтелмейді, сол себепті олар болашақта мал басын көбейтуге мүдделі болмайды.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә. Смайыловтың айтуынша, ауыл шаруашылығы саласын кешенді және жүйелі қолдау шаралары пандемия басталғаннан бері жүріп келеді. Биыл Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджетін нақтылау аясында қосымша 30 млрд теңге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялауға бөлінді. Мұны қауымдастық басшысы да растады. Үкіметтің жүйелі қолдауының арқасында қой өсіру саласының өсу қарқыны 12%-ға жеткен.

Мәселені талқылау қорытындысы бойынша Ә. Смайылов Ауыл шаруашылығы министрлігіне қозыларды өсіру мен сатуда тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін тірі ірі қара малын экспортқа шығаруға квота механизмін енгізуді әзірлеуді тапсырды, бұл шара елдегі ет бағасын тұрақтандыруға бағытталған. Сондай-ақ жемге субсидияны бұрынғыдай желтоқсанда емес, күздің басында бөлу қажеттігі ескертілді. Сонымен бірге ұсақ малдарды экспорттауға шектеу енгізудің қаншалықты орынды екенін жіті талдау тапсырылды.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге