Баспасөз релиздері

Қазақстан Қытайға отандық агроөнім экспортын арттырады

Қазақстан Қытайға отандық агроөнім экспортын арттырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Қытайға ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын ұлғайтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Мәлім етілгендей, Қытай үкіметі Шығыс Қазақстан облысының сапа инспекциясының зертханасына құны 11,15 млн юань (шамамен 760 млн теңге) болатын жабдықты тапсырады. Бұл ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Коммерция министрлігі арасында қол жеткізілген уағдаластықтың арқасында мүмкін болды. Тиісті келісімге ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо қол қойған.

«ҚХР стандарттары бойынша аккредиттелген зертхана құру Қытайға отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуға ықпал етеді. Бұдан басқа, Қазақстан терең қайта өңдеу тауарларын, жемшөп пен қоспаларын, ет және ет өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға мүдделі», - делінген АШМ хабарламасында.

2022 жылдың жеті айында АӨК саласындағы Қазақстан-Қытай тауар айналымы 46,7% артып, 412,5 млн долларды құраған.

Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 62,2% - 280,4 млн долларға дейін артты. Қытайдан импорт 22,2% ұлғайып, 132,1 млн долларды құрады.

Дереккөз: inform.kz

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге