Баспасөз релиздері

Түрік инвесторлары Ақтөбеде ядролық медицина орталығын салмақ

Түрік инвесторлары Ақтөбеде ядролық медицина орталығын салмақ

АКТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында ядролық медицина орталығы салынады. Түрік инвесторлары жобаға 50 млн теңге жұмсамақ, деп хабарлайды ҚазАкпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «OrhunMedical» түрік компаниясының өкілдерімен кездесті. Инвесторлаоға өңірдің денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.

Кездесу барысында Ақтөбе қаласындағы ядролық медицина және томотерапия орталығымен бірге ОrhunМedical көпсалалы клиникасын салу жпйы сөз болды. Сондай-ақ Қазақстанның батыс өңіріндегі қалаларда Позитронды-эмиссиялық томографияның екі орталығын, бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томографияны ашуға қатысты мәселелер талқыланды.
Жобаны «OrhunMedical» басқарма төрағасы Гоненч Дырык таныстырды. Инвестиция көлемі 50 млн долларды құрайды.
Ядролық медицина орталығының өндірістік қуаты айына 12 мың ОФЭКТ/КТ зерттеулерін құрайды. Ақтау және Атырау қалаларында жыл сайын 9 мың зерттеу жүргізіледі.
«Бұл маңызды жоба. Соның арқасында батыс өңірінің тұрғындары жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмек ала алады. Біз оны жүзеге асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз. Кадр мәселесін медицина университеті шешеді. Онда мамандарды даярлау бойынша база ашуға болады», - деп атап өтті облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ ол жергілікті басқарма басшыларына инвесторлар үшін қажетті қолдауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Дереккөз: inform.kz

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге