Медиа орталық

Қазақстан мен Кипр ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашады

Қазақстан мен Кипр ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашады

Алматыда екі ел арасындағы екіжақты экономикалық қарым-қатынастарды нығайту және дамыту мақсатында Кипр мен Қазақстанның іскер топ өкілдерінің басын қосқан қазақ-кипр бизнес форумы өтті. Іс-шараны «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен Кипр Сауда-өнеркәсіп палатасы және Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі, Кипр Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырды.

Бизнес-форумда екі елдің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Спикерлер экономиканың негізгі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары туралы егжей-тегжейлі айтып, АКТ, қаржы, сауда, туризм және т.б. салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жоғары әлеуетін атап өтті. Айта кету керек, соңғы 10 жылда жылдары Кипрден Қазақстан экономикасына салынған тікелей инвестиция 4,4 млрд доллардан асты.

DSC02146.jpg

Іс-шараны ашқан Қазақстан-Кипр бизнес қауымдастығының президенті Костас Маркидес, Кипрдің Қазақстандағы елшісі Кипрос Гиоргаллис және Қазақстанның Израиль мемлекетіндегі, Кипр Республикасындағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов елдер арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды нығайтудың маңыздылығына тоқталып, Кипр мен Қазақстан арасында экономикалық серіктестікті дамытуға және тәжірибе алмасуға өзара мүдделігін атап өтті.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали өз кезегінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, инвесторларға мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, кипрлік бизнесті Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Бизнес-форум Кипр мен Қазақстанның іскер топтар өкілдерінің пікір, тәжірибе және ақпарат алмасу алаңына айналды. Форум аясында қатысушыларға жаңа іскерлік байланыстар орнатуға және ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын анықтауға көмектескен жеке кездесулер мен келіссөздер ұйымдастырылды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге